Жаңа оқу жылының
жаңалықтары
Қапшағай қаласы мен аймақ
мектептеріндегі педагогтердің кәсіби білімін жетілдіру,
шеберліктерін шыңдау барысы туралы
12 жылдық орта білім жүйесіне көшуге
даярлық барысында мұғалімдердің кәсіби
құзіреттілігін дамыту жолында 2009-2010 оқу жылы қала
және аймақтағы білім мекемелерінде қызмет ететін 738
педагогтың 674-і, яғни 91,8%-ы АОМКДИ, ББЖКБАРИ және
Ұлттық «Бөбек» қорында курстардан дәріс алды.
Оның ішінде ақпараттық оқыту,
қашықтықтан оқыту (он-лайн) әдіс-тәсілдерін
меңгерту мақсатында интерактивті тақтаны пайдалану бойынша–
283, «Пифагор» және «Арта» бағдарламаларын қолдану бойынша –
112, қашықтықтан интернет-форум курстардан – 34 және
«Өзін-өзі тану» - 10, сынып жетекші - 27, бастауыш сынып
мұғалімі - 24, шағын орталық, балабақша
тәрбиешілері курсынан - 62 педагог өтті.
Ұстаздарымыздан қалалық,
облыстық, республикалық тақырыптық семинар-
конференцияларға -530, байқауларға -152, педагогикалық
оқуларға - 98 педагог қатысып, кәсіби шеберліктерін
шыңдап, тәжірибе алмасты.
Мектепке дейінгі оқытумен және
тәрбиемен қамту «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру
туралы
Елбасының Мектепке дейінгі оқытумен
және тәрбиемен қамтуға арналған «Балапан»
бағдарламасын жүзеге асыру барысында бұрын 4 топ – 100 орынмен
жұмыс жасап жатқан Шеңгелді ауылы «Ақбота» және
қаладағы «Балдәурен» балабақшаларына күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 топ – 50 орыннан қосылды.
Бүгінгі күні екі балабақшада 150 баладан қамтып отыр.
2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4
мектеп жанынан 250 бала қамтитын шағын орталықтар ашылады:
орта мектеп-гимназияда 4 топ -100 бала,
қазақ тілінде;
№2 гимназияда 2 топ – 50 бала, орыс тілінде;
№3 орта мектепте 2 топ – 50 бала, қазақ
тілінде;
№5 орта мектепте 2 топ – 50 бала, орыс тілінде.
Бүгінгі күні білім бөлімінде
балабақшаға орналасу кезегінде тіркелген 1300 баланың 413
балабақшаларға, 250 шағын орталықтарға орналасты.
Болем бастығы
Ешимова |