freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару Google+

icon vopros_akimu

opros

opros

 

       Праздники Казахстана


 < Негiзгi
Бүгiнгi:

  ҚР Рәмiздерi


 

    Заң туралы мемлекеттіктерді Қазақстан Республикасының символдарында

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.
Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

          Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендігінің нышаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 1995 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» жарлығымен белгіленген.

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және ұлттық ою – өрнекпен нақышталған тік жолақтан тұрады.

 

КӨК ТҮС

          Тудың көгілдір бір түстілігі, бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, биік те игілікті идея бірлестігіне шақырады.

                   Зеңгір көк ашық аспан, барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған.

          Елтаңба тану ғылымы – геральдика тілінде, көк түс адалдықтың кіршіксіз тазалық пен бейкүні пәктіктің нышаны. Көне түркі тілінде, яғни барлық түркі тілдес халықтар тілінде «көк» сөзі «аспан» деген ұғымды білдіреді.

          Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

 

ӨРНЕК

          Өрнек – белгілі бір дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ғасырдан ғасырға жалғасып, бізге жеткен қазақтың ұлттық ою-өрнегінің ең көп тараған түрі зооморфтық өрнек – «қошқар мүйіз». Ерте кезде халық ою-өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп-жебеп, қорғайтын керемет күш көрген.

 

КҮН

          Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс – қамбат асыл металдың, алтынның, ай мен күннің, түпсіз тұңғиық қараңғылықтан шашырап шыққан жарықтың, одан жаратылған ғарыштың түсі. Күн мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың символы. Күн – уақыт өлшемі.

 

БҮРКІТ

          Ежелгі көк тәңірі Аспан мен күнге жақындап, шарықтай ұшатын құс патшасы, қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

          Қыран кең дала биігінде жеке, дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт бейнесіне айбындылық, еркіндік тәуелсіздік, бостандық, тәкәппарлық, биік ой – мақсат, қырағылық, намысқойлық тән. Сол себепті де ол көреген, қырағы, болжағыш. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой – ниетінің биіктігін білдіреді.

 

Авторы: ШӘКЕН НИЯЗБЕКОВ.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

           

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. 


Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу - алтын түстес.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. 


Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.


Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. 

 

 



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

ГИМН

 

Гимн, гректің «hunos» - салтанатты ән, ұран деген сөзінен шыққан. Мемлекеттік гимн халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Гимн – егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.

Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев

Жұмекен Нәжімеденов

Altyn ku'n aspany,
Altyn da'n dalasy,
Erliktin' dastany,
Elime qaras'y!
Ejelden er degen,
Dan'qymyz s'yqty g'oi'.
Namysyn bermegen,
Qazag'ym myqty g'oi'!

Qai'yrmasy:

Menin' elim, menin' elim,
Gu'lin' bolyp egilemin,
Jyryn' bolyp to'gilemin,бelim!
Ty'g'an jerim menin' - Qazaqstanym!

Urpaqqa jol as'qan,
Ken' bai'taq jerim bar.
Birligi jarasqan,
Ta'y'elsiz elim bar.
Qarsy alg'an y'aqytty,
Ma'n'gilik dosyndai',
Bizdin' el baqytty,
Bizdin' el osyndai'!

Qai'yrmasy:

Menin' elim, menin' elim,
Gu'lin' bolyp egilemin,
Jyryn' bolyp to'gilemin,бelim!

Ty'g'an jerim menin' - Qazaqstanym!

 

ноты гимна
ноты гимна
ноты гимна
ноты гимна
ноты гимна


ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

akorda

Astana20


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер



obyav

Құрметті қапшағайлықтар мен қала қонақтары!

Алматы облысы ПД 17.05.2019ж. №1-30-3-43/1218-И нұсқауына және 2019ж. 2 тоқсан жедел профилактикалық іс-шараларының кестесіне сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын жандандыру мақсатында, ағымдағы жылдың 20 мамыр мен 23 мамыр аралығында Қапшағай аумағында Қапшағай қаласының ПБ-нің Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін барынша жұмылдыра отырып «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

/ 20.05.2019/

obyav

Құрметті қапшағайлықтар мен қала қонақтары!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, 1 мамыр күні қалалық алаңда өткізілетін мерекелік шараларды тамашалауға шақырамыз. Бағдарлама аясында қала әкімінің құттықтауы, концерт, көрмелер және ұлттық ойындар қарастырылған.
Басталуы сағат 11.00-де.

Ұйымдастыру комитеті

/ 29.04.2019/

obyav

Қапшағай қалалық апаттық газ қызметінің «104» телефондық нөмірі бойынша ақпарат

Қала әкімінің Шешімдеріне сәйкес Қапшағай қаласында «Қапшағай аймағының Газ жүйелері» ЖШС - газ жүйелері бойынша коммуналдық–техникалық қызметтің құрамына кіруеді және жинақталған шұғыл әрекет ету жасағының газ жүйелері бойынша авариялық-техникалық командасы болып бекітілген, осыған байланысты Қапшағай қалалық апаттық газ қызметінің «104» телефондық нөмірі «АльнурГаз» (бұрынғы «ҚапшағайГаз») ЖШС-нен «Қапшағай аймағының Газ жүйелері» ЖШС-не берілгенін жеткіземіз.

Қапшағай қаласының әкімдігі

/ 08.04.2019/

obyav

Құрметті қапшағайлықтар!

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары аясында, 2019 жылы сәуірдің 01-30 аралығында Қапшағай қаласы әкімдігінің барлық мемлекеттік қызметшілері жыл сайын өткізілетін медициналық тексеруден өтуі қажет (лор, окулист, диспансерлік анықтамалар (псих нарко диспансер), неврапотолог, ультрадыбыстық тексеру, терапевт, хирург, гинеколог маманы, ЭКГ, флюрография кабинеті).

Қапшағай қаласының әкімдігі

/ 07.04.2019/

obyav

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

«Наурыз мейрамына» арналған концерт 21 наурыз күні сағат 11:00 де қалалық алаңда өткізіледі! Бағдарлама аясында қала әкімінің құттықтауы, концерт, көрмелер және ұлттық ойындар қарастырылған.

Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мейрамы құтты болсын!

/ 18.03.2019/

obyav

Құрметті қапшағайлықтар!

Қапшағай ҚПБ ЖПҚБ УПИ 2019 жылдың 1-ші тоқсанында халық алдында есеп беру кестесі

/ 14.03.2019/

obyav

Құрметті ақжаулықты аналар! Әпке-қарындастар! Қадірменді қапшағайлықтар!

2019 жылдың 07 наурыз күні қалалық мәдениет үйінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Басталуы сағат 11.00-де.

/ 05.03.2019/

obyav

Құрметті қапшағайлықтар!

2019 жылдың 12 наурыз күні сағат 11.00-де «Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі жұмыссыз азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады. Қапшағай қаласы, 1 шағынаудан, 41 ғимарат «Жұмыспен қамту орталығы».
Электронды мекен-жай: kcenter_zan@mail.ru
Байланыс телефондары: 8(72772) 4-07-81, 5-05-21.

/ 05.03.2019/

obyav

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қала ішінде жолаушылар тасымалдау тарифі 70 теңге, зейнеткерлер мен оқушыларға 40 теңге, студенттер және әлеуметтік аз қамтылған топтарға, 7 жасқа дейінгі балаларға ТЕГІН. Қосымша сұрақтар болған жағдайда келесі телефон номерлеріне хабарласуға болады: 4-10-02 («Қапшағай АТО» ЖШС қалалық маршруттарға қызмет көрсетуші мекеме) және 4-14-63 («Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ).

/ 05.03.2019/

obyav

Алматы облысының бастығының нұсқауын орындау үшін, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында 2019 жылғы 28 ақпан - 6 наурыз күндері аралығында Қапшағай аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

/ 28.02.2019/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2019


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде