freim_logo  mail Қаз   Рус
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару

Қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті қапшағайлықтар!

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Қымбатты ардагерлер!

Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.

Осынау салтаннатты күні Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!

Құрметпен, қала әкімі

Н.Табаев



icon Қала Әкiмі
Әкімінің
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi әкiмдiг
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Қабылдау бөлмесi

icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
Мемлекеттiк қызметтер
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi

icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кїрес бөлем

icon Сайлау
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана

 


Негiзгi
 > Әкiм  > Өмiрбаян
Бүгiнгi:

  Қала Әкiмі


 

Өмiрбаян

       Наурызбай Асанбайұлы Таубаев 1952 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қырбалтабай ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген савхозында жұмысшы болудан бастады.  Өзінің азаматтық борышын Кеңес Әскерінің Қарулы күштері қатарында  атқарған.
       1972 жылдан 1984 жылға дейін Қапшағай және Алматы қалаларының құрылыс ұйымдарында жәй жұмысшыдан прораб лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1980 жылы Алматы тәулет-құрылыс иниститутын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тамамдады.
       1984 жылдан 1988 жылға дейін Қазақ КСР Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрінің көмекшісі, ал 1988 жылдан 1989 жылға дейін «Казмебельлеспром» ғылыми техникалық өндірістік бірлестігінің кадрлар және әлеуметтік даму бөлімі бастығының орынбасары.
       1989 жылмен 1992 жылдар аралығында- Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитеті төрағасының көмекшісі.
       1992 жылдан 1993 жылға дейін- Алматы қаласының мемлекеттік меншігінен алу және коммуналдық меншікті жекешелендіру жөніндегі комитетінің  төрағасы, ал 1993-1994 жылдар аралығында- Алматы  қалалық әкімшілігі Басшысының орынбасары- Алматы қалалық мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы.
       1994 жылдан 1995 жылға дейін- «ҚазЖиһаз» холдингтік компаниясының вице-президенті.
       1995 жылдан  1997 жылға дейін- Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
       1997 жылдан 2001 жылға дейін- Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы.
       2001 жылдың маусымынан тамызына дейін «Алматы қаласы әкімінің техникалық инспекциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.
       2001 жылдан 2005 жылға дейін «ҚазМұнай Газ» ұлттық мұнайгаз компаниясының «КазСтройСервис» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары.
       2005 жылдан  2008 жылға дейін- Алматы облыстық жер қатынастар басқармасының бастығы.
       2008жылғы 20 қарашада Қапшағай қаласының әкімі болып тағайындалды.
       «Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы», «Қазақстан Республкасының сәулетшілер Одағының Құрметті мүшесі», «Қазақстан Республикасының Құрметті жер құрылысшысы» деген атақтарға ие. «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне  10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен мерапатталған.
       Отбасылы, 2 баласы бар.




Өмiрбаян
Байланыс
Публикации
Выступления
ж.
Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
ҚР Рәмiздерi
Анықтамалық
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары
Фотогалерея
icon Жеке хабарлама
Алғыстар

opros

obyav

Қапшағай және Қапшағай аумақтарының азаматтарынан 2009 жылғы 13 қарашадағы «Тікелей желі» веб-сайт арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына түскен өтініштері бойынша сұрақтарға жауаптарды мына жерден оқи аласыздар >>


obyav

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті азаматтар!

Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ШЖҚ «Қапшағай қалалық емханасы» МКК 2012 жылға орналастырылған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша келесі көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен формалары туралы хабарлайды: біліктілік түрі бойынша;стационарды алмастыратын формалары бойынша.

Біліктілік санаты берілген маман сертификаты бар болуы, оның ішінде:

Жоғарғы санаты 6 дәрігер және 39 орта медицина қызметкерлер;

Бірінші санаты 14 дәрігер және 8 орта медицина қызметкерлер;

Екінші санаты 1 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Біліктілік санаты берілмеген маман сертификаты бар болуы: 44 дәрігер және 101 орта медицина қызметкерлер;

Телефон: (8-72772) 27004


obyav

Құрметті азаматтар!

Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ШЖҚ «Қапшағай қалалық ауруханасы» МКК 2012 жылға орналастырылған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша келесі көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен формалары туралы хабарлайды: біліктілік түрі бойынша; стационарлық, стационарды алмастыратын формалары бойынша.

Біліктілік санаты берілген маман сертификаты бар болуы, оның ішінде:

Жоғарғы санаты 2 дәрігер және 21 орта медицина қызметкерлер;

Бірінші санаты 8 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Екінші санаты 1 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Біліктілік санаты берілмеген маман сертификаты бар болуы: 19 дәрігер және 56 орта медицина қызметкерлер;

Телефон: (8-72772) 4-11-96

 

Барлық хабарландырулар>>

           
правительство
       эл. пр-во
 
 

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007


Сайтты кұру және қолдау - "БТБҚ" МКК
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде