freim_logo  mail Қаз   Рус
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару

Қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті қапшағайлықтар!

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Қымбатты ардагерлер!

Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.

Осынау салтаннатты күні Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!

Құрметпен, қала әкімі

Н.Табаев



icon Қала Әкiмі
Әкімінің
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi әкiмдiг
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Қабылдау бөлмесi

icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
Мемлекеттiк қызметтер
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi

icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кїрес бөлем

icon Сайлау
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана

 


Негiзгi
 > Әкiмдiк  > Бөлiмдер  > Ішкі саясат бөлімі
Бүгiн:

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі "


 

Бөлiм бастығы

Мейрамгүл Қазбекқызы Айтова
бастығы

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы - Мейрамгүл Қазбекқызы Айт тегі. Алматы облысында 1969 жылы дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Есік педагогикалық училищесінде, одан кейін Жетысу мемлекеттік педагогикалық университетінде "Педагогика және бастауш білімнің әдістемесі" мамандығы бойынша білім алды. Бастауыш сыныптардың мұғалімі, мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі, білім бөлімнің әдіскері болып қызмет атқарды.1995 -1997 жылдары Қапшағай қалалық радиосының редакторы. 1997 жылдан бастап 2006 жылға дейін Қапшағай қаласы әкімінің аппаратында ішкі саясат бөлімнің баспасөз хатшысы - бас маманы лауазымында, одан кейін ұйымдастыру-кадрлық бөлімнің бас маманы болып қызмет атқарды. 2006 жылдың сәуір айынан бастап "Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалды.


Деректемелер

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі"

Мекен-жайы: Алматы облысы, 040800: Қапшағай қаласы , Жамбыл көшесi ,13

Телефондары: 8 (72772) 4-24-06, 4-77-57

Электрондық мекен-жай: ovpkapshagai313@rambler.ru


Жұмыс күндерi Жұмыс уақыты Түскi үзiлiс Демалыс күндерi
Дүйсенбi ө Жұма 09:00-18:00 13:00-14:00 Сенбі, Жексенбі

Бөлiмнiң құрылымы
Лауазымы Аты-жөні Телефон Ішкі. тел
Бөлім бастығы Мейрамгүл Қазбекқызы Айтова 4-77-57 207
Бас маман Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлы 4-24-06 218
Бас маман Айтимбетова Гаухар Қанатбекқызы 4-24-06 218

Бөлімнің Ережесі

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік бағдарламаларды заңдарда ескерілген шекте іс жүзіне асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдерінің шешімдеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады .

Бөлімнің негізгі міндеттері

Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылатындар: :
  • Қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу және Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының, Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының негізгі басымдықтарын насихаттау.
  • Мемлекеттік ішкі саясатты, ішкі саясат, қоғамдық саяси салалар мәселелері жөніндегі бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру.
  • Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтанушылық және саясаттану зерттеулерін жүргізу.
  • Аймақата жүріп жатқан қоғамдық-саяси процесстер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерттеу, зерделеу және талдау.
  • Аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырыу, оны өткізу жөнінде аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру.
  • .
  • Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру.
  • Этносаралық қатынасты үйлестіру, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және насихаттау.
  • Қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту.
  • Р
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың, діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг ұйымдастыру.
  • Ішкі саясат аумағында концептуальды негіздер мен практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдылықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
  • Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұртшыл өкілдерімен өзара іскер байланыс орнату.


Mіндеттер
Бөлім бастығы

1. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сонымен қатар бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады. Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді. Заңдарға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады. Барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдардың алдында бөлімнің мүддесін өкіл етеді. Бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді. Қалалық қаржы бөлімімен келісе отырып, Бөлімнің қаржы жоспарын бекітеді

2. Негізгі функционалдық міндеттері: ішкі саясат саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен Жарлықтарын, ішкі саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтары үшін әдістемелік материалдар шығару.
3. Бақылаушы функциялары: Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер -Министрінің, Президент әкімшілігінің және Премьер -Министр Кеңсесінің тапсырмаларын, Үкімет қаулыларын, Президент және Премьер -Министр, министірліктер мен ведомстволардың, облыс және қала әкімі және оның орынбасарларының өкімдерін, бөлімнің құзырына жататын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру.
4. Үйлестіруші функциялары: ішкі саясат бөлімінің қызметіне жалпы басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру.

Бөлімнің бас маманы

1. Негізгі функционалдық міндеттері:
ҮЕҰ, саяси партиялар мен қозғалыстар, діни бірлестіктермен байланыс орнату, олардың қызметін үйлестіру. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Бөлімнің құзырына жататын сұрақтарға саралау және талдау жүргізу. Жоғары органдарға және қала әкімі атына хабарлама, әкімнің өкімдері мен шешімдері жобаларын дайындау.

2. Бақылаушы функциялары: ішкі саяси сұрақтар бойынша мемлекеттік ақпараттық саясаттың, ақпараттық-насихаттау топтардың жұмыс тәртібі және бөлімнің құзырына жататын басқа да сұрақтардың орындалуын ұйымдастыру.

3. Діни, қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ, саяси партиялар мен қозғалыстардың жұмыс тәртібін үйлестіру. Өңірлік ҮЕҰ-ға тәжрибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету. Қызметтері бөлімнің құзырына жататын органдар жұмысына бағыт-бағдар беру. .

Бөлімнің бас маманы

1. Негізгі функционалдық міндеттері:

ақпараттық-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру, оларға тәжрибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету.Ішкі саяси сұрақтарды сапалы түсіндіруге байланысты мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және әдістемелік материалдарды дайындау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату. Жоғары органдарға және қала әкімі атына хабарлама, әкімнің өкімдері мен шешімдері жобаларын дайындау.

2. Бақылаушы функциялары: ішкі саяси сұрақтар бойынша мемлекеттік ақпараттық саясаттың, ақпараттық-насихаттау топтардың жұмыс тәртібі және бөлімнің құзырына жататын басқа да сұрақтардың орындалуын ұйымдастыру.

3. Үйлестіруші функциялары:
Ақпараттық-насихаттау топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс тәртібін үйлестіру. Ақпаараттық-насихаттау топтарына ұйымдастырушы-тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету. Қызметтері бөлімнің құзырына жататын органдар жұмысына бағыт-бағдар беру

 


ж.
Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
ҚР Рәмiздерi
Анықтамалық
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары
Фотогалерея
icon Жеке хабарлама
Алғыстар

opros

obyav

Қапшағай және Қапшағай аумақтарының азаматтарынан 2009 жылғы 13 қарашадағы «Тікелей желі» веб-сайт арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына түскен өтініштері бойынша сұрақтарға жауаптарды мына жерден оқи аласыздар >>


obyav

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті азаматтар!

Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ШЖҚ «Қапшағай қалалық емханасы» МКК 2012 жылға орналастырылған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша келесі көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен формалары туралы хабарлайды: біліктілік түрі бойынша;стационарды алмастыратын формалары бойынша.

Біліктілік санаты берілген маман сертификаты бар болуы, оның ішінде:

Жоғарғы санаты 6 дәрігер және 39 орта медицина қызметкерлер;

Бірінші санаты 14 дәрігер және 8 орта медицина қызметкерлер;

Екінші санаты 1 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Біліктілік санаты берілмеген маман сертификаты бар болуы: 44 дәрігер және 101 орта медицина қызметкерлер;

Телефон: (8-72772) 27004


obyav

Құрметті азаматтар!

Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ШЖҚ «Қапшағай қалалық ауруханасы» МКК 2012 жылға орналастырылған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша келесі көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен формалары туралы хабарлайды: біліктілік түрі бойынша; стационарлық, стационарды алмастыратын формалары бойынша.

Біліктілік санаты берілген маман сертификаты бар болуы, оның ішінде:

Жоғарғы санаты 2 дәрігер және 21 орта медицина қызметкерлер;

Бірінші санаты 8 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Екінші санаты 1 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Біліктілік санаты берілмеген маман сертификаты бар болуы: 19 дәрігер және 56 орта медицина қызметкерлер;

Телефон: (8-72772) 4-11-96

 

Барлық хабарландырулар>>

           
правительство
       эл. пр-во
 
 

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007


Сайтты кұру және қолдау - WD "Likurg"
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде