freim_logo  mail Қаз   Рус
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару

Қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті қапшағайлықтар!

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Қымбатты ардагерлер!

Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.

Осынау салтаннатты күні Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!

Құрметпен, қала әкімі

Н.Табаев



icon Қала Әкiмі
Әкімінің
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi әкiмдiг
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Қабылдау бөлмесi

icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
Мемлекеттiк қызметтер
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi

icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кїрес бөлем

icon Сайлау
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана

 


Негiзгi
> Әкимшiлiк > Бөлiмдер > Кәсіпкерлік бөлімі
Бүгiн:

Бөлiмдер



   Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі


Бөлiм бастығы


Деректемелер

"Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, 040800: Қапшағай қаласы , Жамбыл көшесi ,13

Телефондары: 8 (272) 2-46-77

Электрондық мекен-жай: рredpri@mail.kz

Жұмыс кестесі Жұмыс уақыты Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау күндері Қабылдау уақыты
Дүйсенбі-ЖұмА 9.00-18.00 Дүйсенбі және жұма 15.00 - 17.00

Бас маман

Қолбақова Меруерт Айдарханқызы


Бөлiмнiң құрылымы
Лауазымы Аты-жөні Телефон
Бөлім бастығы   8/72772/2 46 77
Бас маман Қолбақова Меруерт Айдарханқызы 8/72772/2 46 77

Е Р Е Ж Е С І

1. Жалпы ережелер

"Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) кәсіпкерлікті өңірлік деңгейде дамытудың мемлекеттік саясатын заңда ескерілген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдерінің шешімдеріне, басқа да нормативтік - құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өзінің аталуы бедерленген мөрі, штамптары, белгіленген үлгіде бланкілері, сонымен қатар, заңнамаларға сәйкес банкте есеп-шоты болады.

Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан араласады. Бөлім заңнамаларға сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жағына шығуға құқылы.

Бөлімнің құрылтайшысы және мүлкінің иегері - Қапшағай қаласының әкімдігі.

Бөлімнің мемлекеттік басқару органы - Қапшағай қаласының әкімі және Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті.

Заңды мекен - жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, 040800, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13.

Заңды тұлғаның мемлекеттік тілде аталуы: "Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

Заңды тұлғаның орыс тіліндегі аталуы: государственное учреждение "Отдел предпринимательства города Капшагая".

Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетте атқарушы органдарды ұстауға ескерілген қаржылар есебінен жүзеге асырылады.

Бөлім басқа заңды тұлға құра алмайды, сонымен қатар құрылтайшы бола алмайды.

Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен өз міндеттерін орындауына байланысты келісімдік қатынастарға баруына тыйым салынады.

2.Бөлімнің негізгі міндеті, қызметі, құқығы

Бөлімнің негізгі міндеттері:
қаланың инновациялық және индустриалдық дамуы бойынша мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;

қала экономикасы салаларының дамуына несие және инвестициялар тартуға жәрдемдесу;

қаланың су және энергетикалық қорларын дамыту және тиімді пайдалану негізінде тәуелсіз энергетикалық аймақтық саясат құруға қатысу;

қала ұйымдары мен кәсіпорындарында халықаралық стандарт бірлік өлшемін енгізуді және техникалық реттеуді дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қала аумағында және аймағында жүзеге асыру;

шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін мемлекеттік саясат жүргізу;

сауда қызметін дамыту, қызмет көрсету деңгейін, сауда және қызмет көрсету саласы жұмыскерлерінің кәсіби дайындығын көтеру, ішкі нарықты шетел тауарларынан қорғау бойынша мемелкеттік саясатты жүргізу;

бағаны менеджменттеу, маркетингтеу, мониторингтауға, нарықты мемлекет тарапынан реттеуге көмек көрсету;

туристік қызметті, оның ішінде туристік қызмет саласын арттыру және оның инфрақұрылымын нығайту арқылы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес субъектілерді лицензиялауды жүргізу.

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бөлімге жүктелген басқа да міндеттер;

2.2.Бөлім өз өкілеттілігінің шеңберінде және заңға сәйкес келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1)Қаланың және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Кешенді бағдарламасының, туризмнің, жарнамалық кеңістіктің, лицензиялаудың, инвестициялық және инновациялық саясаттың, сауданың, қызмет көрсетудің, шағын бизнестің, кәсіпкерліктің, энергетиканың, өнеркәсіптің дамуы бойынша мақсатты бағдарламаның орындалуына және жүзеге асырылуына қатысады;

2)меншік түрінен тәуелсіз, өнеркәсіп, энергетика, кәсіпкерлік, шағын бизнес, сауда, қызмет көрсету, инвестициялық және инновациялық саясат, лицензиялау, жарнамалық кеңістік, туризм және нарық ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

3)өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында жұмыс істейтін объектілерді жаңартуға және жаңа объектілерді енгізу, энергетиканың, кәсіпкерліктің, шағын бизнестің, сауданың, қызмет көрсету саласының, лицензиялаудың, жарнамалық кеңістіктің, туризмнің дамуы және қосымша жұмыс орындарын құру бойынша іс-шараларды әзірлеп, орындайды;

4)экономикалық кластерлік дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

5)қаланың индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын және құрылыс материалдар өнеркәсібін дамыту мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға қатысады;

6)қала ұйымдары мен кәсіпорындарында халықаралық стандартты және техникалық реттеуді енгізуге көмек көрсетеді;

7)қаланың әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде өнеркәсіп, энергетика, кәсіпкерлік, сауда, жарнама кеңістігі, туризм саласында дамуы бойынша стратегиялық жоспар және бағдарлама жасауға қатысу;

8)Қала кәсіпорындарын өнім сапасы бойынша халықаралық және республикалық, салалық, облыстық көрмелерге, байқауларға, семинарлар ұйымдастырады және оларға кәсіпорындарды тартады;

9)Инвестициялық
саясатты жүзеге асыруға қатысады, қаланың экономикасы салаларының дамуына несие және инвестициялар тартуға жағдай жасайды, екінші деңгейдегі банктармен, шағын несиелік ұйымдармен, селолық несиелік серіктестіктермен, шағын кәсіпкерлікті дамыту фондтарымен қарымқатынас жасайды;

10)басымдық инновациялық жобаларды жүзеге асыруға инвестициялар тарту бойынша көмек көрсетеді;

11)кәсіпкерлік құрылымдарына қалалық бюджет қорынан және басқа да қаржыландыру көздерінен несие беруге қатысады, несиені өтеу мақсатында дайын өнімді өткізуге көмек көрсетеді;

12)кәсіпкерлікті осы заманға сай технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін лизинг компаниясын дамытуға және ұйымдастыруға қатысады, сонымен қатар қаржы менеджментінің жаңа құралдарын пайдалана отырып, жаңа бағдарламалар мен жобалар енгізеді;

13)халықтың аз қамтылған топтарына, экономикалық тұрғыдан белсенді халқына, оның ішінде ауыл тұрғындарына шағын несие бергенге мамандандырылған, бөлек банктік операциялар жүргізетін шағын несиелік ұйымдар арқылы қаржы қорларына кіруге мүмкіндік туғызады;

14)шағын бизнесті ынталандыру үшін шағын несие моделін әзірлеуге борышқорлардың мақсатты топтарын анықтайды, сонымен қатар шағын несиелік ұйымдарының даму мониторингін ұйымдастырады;

15)шағын бизнесті ынталандыру үшін шағыннесие моделін әзірлеуге борышқорлардың мақсатты топтарын анықтайды, несиелеу, инвестициялау және сауда саясатын құруға қатысады;

16)жергілікті бюджет қаржысын, гранттық бағдарламаларын, халықаралық және отандық қаржы институттарын қатыстыру арқылы шағын кәсіпкерлік саласындағы мамандарды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;

17)кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуын қадағалау, кәсіпкерлер ассоциациясы мен одақтарын, қоғамдық бірлестіктер құруға көмек көрсету, кәсіпкерлікті қорғау және қолдау көрсету сұрақтарындағы олардың ролін күшейту;

18)кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша шара қолдану, шағын кәсіпкерліктің нормативті-құқықтық базасын жетілдіру сұрақтары бойынша ұсыныс енгізу;

19)шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік саясатын насихаттау және шағын кәсіпкерлікті несиелеу жөнінде шара қолдану;

20)аймақтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүддесін сақтауға байланысты сұрақтарды шешуге жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөз жүргізеді, қазақстандық мамандар тартады;

21)меншік түріне тәуелсіз, сауда нарығының қызметін үйлестіруге және мемлекеттік реттеуге көмек көрсетеді, сонымен қатар бағаны тұрақтандыру мақсатында сатып алумен, ауылшаруашылық өнімдерін сатумен және осы өнім түріне халық керегін толық қанағаттандырумен айналысады;

22)Сауда рыногының қызметін ұйымдастыру ережесінің талаптарына базарлардың сәйкестігін тексеруге қатысады;

23)Коммуналдық базарлардың қызметін қамтамасыз етіп, ұйымдастырады;

24)Тұтыну тауарларымен қызметтерінің маңызды түрлерінің бағаларына талдау және мониторингтеу жүргізеді, инфляция барысын бақылайды;

25)Қаланың және аймақтың сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, базар, қоғамдық тамақтандыру бойынша мәліметтер банкін құрады;

26)Аймақ кенішінде сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету салаларының жағдайын талдау, сауда және қызмет көрсету саласы жұмысшыларының кәсіби дайындау, қызмет көрсету деңгейін көтеру, дамыту бойыеша ұсыныс, іс-шаралар әзірлейді;

27)Базар, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметі бойынша сұрақтарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;

28) сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыруға рұқсат беру;

29)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қаланың аумағында және аймағында лицензиялау және лицензиялау ережесін сақтауды бақылау;

30)Лицензия алушылар мен өтініш иелерін біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізу;

31)Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес лицензия ықпалын тоқтатып, қайтарып алады;

32)Қала бойынша туристік жол бағытын жасап, енгізуге қатысады;

33)Туризм индустриясында туристік нарық пен қызмет көрсетуді талдайды, болжайды, реттейді және жоғарғы органдарға қаладағы туризмнің дамуы бойынша қажетті мәліметтер береді;

34)Халықаралық, аймақтық ішкі туристік байланыстардың дамуына жағдай жасайды, аймақтық туристік іс-шараларға қатысады;

35)Туризм саласындағы мамандарды дайындауға, қайта дайындауға және біліктілігін көтеруге қатысады,конференция, семинар, оқудың басқа да түрлерін және туризм саласындағы мамандармен тәжірибе алмасуға қатысады;

36)Қаланың туристік бейнесін дамыту үшін ақпараттық-жарнамалық өнім жасауға қатысады;

37)Туристік іс-шаралар өткізуге бөлінетін бюджеттік қаржыны пайдалана отырып, туристік іс-шаралар, мереке-думан, жарыс, слет, олимпиада, оқу-дайындық жорықтарын және басқа да іс-шаралар өткізуге қатысады;

38)Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады;

39)Мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, мамандарды конкурстық талдау арқылы бос мемлекеттік қызмет лауазымына орналастыруға қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметкерлерден ант қабылдайды, қызметкерлердің біліктілігін бағалауды ұйымдастырады;

40)Кеңсе ісін жүргізеді және оны мемлекеттік тілде жүргізуді кезең бойынша енгізеді;

41)Бөлімге қызмет бабымен түскен құжаттарды қарастырады;

2.3.Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегідей құқығы бар;

1) өнеркәсіп, энергетика, кәсіпкерлік, шағын бизнес, сауда және қызмет көрсету, инвестициялық саясат, лицензиялау, жарнама кеңістігі, туризм салаларында Қазақстан Республикасының заңнама актілерінің, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы бойынша тексеру жүргізеді;

2) заң бұзушылық фактілері айқындалған жағдайда сот органдарына қуыным дайындап, өткізеді;

3) басшылық жасайтын салаларының дамуын жақсарту сұрақтары бойынша шешімдер мен ұсыныстар дайындауға қатысады;

4) өз құзырының шеңберінде жоғарғы органдарға басшылық жасайтын сұрақтары бойынша нормативті-құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

5) өз құзырының шеңберінде заңға сәйкес жиналыс жүргізеді;

6) бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша байланысты жақсарту мақсатында облыс аймақтарының сәйкес құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

7) жұмысқа басқа да орындаушы органдардың мамандарын қатыстырады;

8) өз құзырының шеңберінде жергілікті мелекеттік органдардан қажетті мәліметтерге ресми сұрау сала алады;

заңнамаға сәйкес басқа да құқықтар.

3. Бөлімнің мүлкі

3.1. Бөлімнің оперативті басшылық ететін оқшауланған (жекеленген) мүлкі бар.

3.2. Бөлім өзіне смета бойынша бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікке

Заңда көрсетілмеген әдіспен иелік етуге және өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз

бетімен немесе заңда көрсетілмеген әдіспен иесіздендіруге құқылы емес.

4. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

4.1. Бөлімді қала әкімі қызметке тағайындайтын және босататын Бастық басқарады.

4.2. Бастық Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады,сонымен қатар Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте болады.

4.3. Бөлім Бастығы төмендегі қызметтерді атқарады:

1) Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

3) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;

4) Бөлімнің жоспарын бекітеді;

5) қалалық қаржы бөлімімен келісе отырып, Бөлімді қаржыландыру жоспарын бекітеді.

4.4. Бөлім қабылдаған шешімдер Бөлім бастығының бұйрықтарымен рәсімделеді.

5. Мемлекеттік басқару органының өкілеттігі

5.1. Мемлекеттік басқару органының өкілеттігі:

1) Бөлім бастығының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны қызметтен босату негіздерін белгілейді;

2) Еңбек туралы заңдарды сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырады;

3) Бекітілген мүліктердің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

6. Бөлімнің және оның лауазымды адамдарының жауапкершілігі

6.1. Бөлім қызметкерлері тәртіп бұзған жағдайда оларға қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіптік жаза қолданылады;

6.2. Бөлім өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі қаржыға жауап береді.

7. Өзгерістер мен толықтырылулар енгізу

7.1. Ережеге өзгерістер мен толықтырылулар Құрылтайшының шешімімен енгізіледі және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің жергілікті органдарында тіркеледі.

8. Бөлімді қайта құру және тарату

8.1. Бөлімді қайта құру және тарату заңда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

"Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Ю. Линчевский

ж.
Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
ҚР Рәмiздерi
Анықтамалық
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары
Фотогалерея
icon Жеке хабарлама
Алғыстар

opros

obyav

Қапшағай және Қапшағай аумақтарының азаматтарынан 2009 жылғы 13 қарашадағы «Тікелей желі» веб-сайт арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына түскен өтініштері бойынша сұрақтарға жауаптарды мына жерден оқи аласыздар >>


obyav

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті азаматтар!

Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ШЖҚ «Қапшағай қалалық емханасы» МКК 2012 жылға орналастырылған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша келесі көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен формалары туралы хабарлайды: біліктілік түрі бойынша;стационарды алмастыратын формалары бойынша.

Біліктілік санаты берілген маман сертификаты бар болуы, оның ішінде:

Жоғарғы санаты 6 дәрігер және 39 орта медицина қызметкерлер;

Бірінші санаты 14 дәрігер және 8 орта медицина қызметкерлер;

Екінші санаты 1 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Біліктілік санаты берілмеген маман сертификаты бар болуы: 44 дәрігер және 101 орта медицина қызметкерлер;

Телефон: (8-72772) 27004


obyav

Құрметті азаматтар!

Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ШЖҚ «Қапшағай қалалық ауруханасы» МКК 2012 жылға орналастырылған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша келесі көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен формалары туралы хабарлайды: біліктілік түрі бойынша; стационарлық, стационарды алмастыратын формалары бойынша.

Біліктілік санаты берілген маман сертификаты бар болуы, оның ішінде:

Жоғарғы санаты 2 дәрігер және 21 орта медицина қызметкерлер;

Бірінші санаты 8 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Екінші санаты 1 дәрігер және 2 орта медицина қызметкерлер;

Біліктілік санаты берілмеген маман сертификаты бар болуы: 19 дәрігер және 56 орта медицина қызметкерлер;

Телефон: (8-72772) 4-11-96

 

Барлық хабарландырулар>>

           
правительство
       эл. пр-во
 
 

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007


Сайтты кұру және қолдау - WD "Likurg"
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде