 |
 |
 |
 |
|
Қадірменді
соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті
қапшағайлықтар!
Сіздерді
қасиетті де ұлы мереке - Жеңіс күнімен шын
жүректен құттықтаймын!
1945 жылдың 9 мамыры
жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік
үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының
символы болып келеді.
Отан қорғаушылар жасаған
ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен
жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары
алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына
түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен
Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да
жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы
айрықша құрметке ие.
Аға ұрпақ алып берген
Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді,
жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп,
алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Қымбатты ардагерлер!
Сіздер елімізді жаудан ерлікпен
қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен
туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер.
Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі
күні де даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық
пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты
үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін
Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан
алғысымызды қабыл алыңыздар.
Осынау салтаннатты күні Сіздерге шын
көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та
жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың
қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Табыстар мен
сәттіліктер мол болсын!
Құрметпен, қала әкімі
Н.Табаев
|
|
|
Қала Әкiмі
|
|
Әкімінің
|
|
Қала әкіміне сұрақ |
|
Қаланың әкiмдiгi
|
|
Бөлiмдерi әкiмдiг
|
|
Нормативтiк құқықтық актiлер
|
|
Жұмыс кестесі
|
|
Қабылдау бөлмесi
|
|
|
Мәслихат
|
|
Прокуратурасы
|
|
Мемлекеттiк қызметтер |
|
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi |
|
|
Мемлекеттік сатып алу
|
|
Жер телiмдердiң кадастрлық құны
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кїрес бөлем
|
|
|
Сайлау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
< Негiзгi
|
Бүгiнгi:
|
|
ақпандағы № 116
қаулысына
қосымша
|
2010
жылғы қаңтар айында қала әкімінің
Қапшағай қаласы,
Шеңгелді және Заречный ауылдық
округтерінің тұрғындары алдында есеп беру
кездесулерін
өткізу кезінде
айтылған азаматтардың ұсыныстары
мен ескертпелерін жүзеге
асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ.
|
|
|
| |
Тегі, аты-жөні, ұсыныс жасаушының санаты мен
мекенжайы |
Ұсыныстың қысқаша мазмұны |
Кімге және не тапсырылды
|
Орындалу мерзімі
|
|
| 1. |
2-
шағынауданының тұрғындары |
1.«Автобекет
–«Шағала» кинотеатры –метеостанция –аурухана» бағдары бойынша
автобус қозғалысын ашуға ықпал ету жөнінде |
Ә.Ә.
Салқымбаевқа, «ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ:
Мәселені зерделеп, жаңа жол бағдарын әзірлеу.
|
2010 жыл 1 тоқсан |
|
| 2. |
«Гидростроитель»
кентінің тұрғындары |
2.Қалалық қоғамдық көліктерінің жол
қозғалысы жұмыстарын сағат 19-30 дан 22-00-ге дейін
ұзарту жөнінде |
Салқымбаевқа, «ТКШ, ЖК Және АЖ бөлімі» ММ:
Мәселені зерделеп, қарастыру.
|
2010 жыл 1 тоқсан
|
|
| 3. |
Г.Д.
Керимбаева- қалалық мәслихаттың депутаты |
3.Кербұлақ және Шеңгелді
ауылдарындағы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтап,
Қосқұдық және Ақөзек ауылдарын
сумен қамтамасыз ету |
1240;.Ә.
Салқымбаевқа, Е.А. Қойлыбаевқа, «ТКШ, ЖК Және
АЖ бөлімі» ММ, «Су құбыры» МКК:
3.Кербұлақ және Шеңгелді ауылдарындағы сумен
қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау және Шеңгелді
ауылдық округінің су құбыры желілерін «Су
құбыры» МКК балансына тапсырып, Шеңгелді ауылында «Су
құбыры» МКК еншілес мемлекеттік кәсіпорынын ашуға
қатысты бекітілген тәртіппен құжаттар әзірлеу.
2011 жылы Қосқұдық және Ақөзек
ауылдарында су құбыры құрылысын жүргізу
үшін бюджеттік қаржы бөлу мәселесін қарастыру.
|
2010
жылғы 01 шілдеге дейін |
|
| 4. |
Әбдікәрімов
Р. – зейнеткер, Шеңгелді ауылы
|
5. «Шеңгелді –Қапшағай» бағдары бойынша автокөлік
қозғалысын ашу жөнінде |
Ә.Ә.
Салқымбаевқа, Е.А. Қойлыбаевқа: Аталған
бағыттың тиімділігін зерделеп, есеп пен ұсыныс
әзірлеу, оны облыстық автокөлік жолдары және жолаушы
көлігі басқарамысына жолдау.
|
2010 жыл 1 тоқсан
|
|
| 5. |
Игісінов
И.- Шеңгелді ауылы, № 6 орта мектептің мұғалімі |
5. Оқу
–өндірістік комбинатын ашу және жалпы білім беру қызметіне
қатысты лицензия алу туралы |
І.С.Сүгіровке,
«Білім бөлімі» ММ:
5.Заңмен белгіленген тәртіп бойынша шешу.
|
2010 жылғы 01
қыркүйегіне дейін
|
|
| 6. |
Қ.Н.
Қалиақпаров - «Куанышбек» шаруа қожалығының
басшысы |
6.Халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету саласын кеңейту туралы
7.Шеңгелді
ауылын көріктендіру, көшелерін жарықтандыру және
көпір салу мәселелері туралы
|
1240;.Ә.
Салқымбаевқа, «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Е.А.
Қойлыбаевқа:
6.Шеңгелді ауылдық округіне қарасты әр
елді мекендер бойынша тұрмыстық қызмет көрсету
саласымен қамтамасыз етілу деңгейін саралап, нақты
бағдарлама әзірлеу, шаштараз бен аяқ киім жөндеу
пункіттерін ашуға байланысты бизнес –жоспар және шағын
несие алуға орай көмек көрсету.
Ә.Ә. Салқымбаевқа, Е.А.
Қойлыбаевқа, «ТКШ, ЖК Және АЖ бөлімі» ММ
Мәселені «Жол картасы»
дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру
шеңберінде қарастыру.
|
2010
жылғы 01 мамырға дейін
2010 жылдың 01
қыркүйекке дейін
|
|
| 7. |
Стуани М
–зейнеткер, Кербұлақ ауылы |
8.Екінші
ауылдық округін ашу туралы |
Б.Т.Тоқсеитовке, С.Ж.Шеңкебаевқа,
Е.А.Қойлыбаевқа:
Екінші
ауылдық округті ұстауға және штаттық
бірліктерге қатысты қажетті ақшалай қаржы есебін
әзірлеу
|
|
|
| 8. |
Әбенов
А. –Шеңгелді Ауылдық Ақсақалдар Кеңесінің
мүшесі |
9.Шеңгелдідегі
ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жөндеу
жүргізу туралы |
І.С.Сүгіровке,
Е.А.Қойлыбаевқа, «Қалалық аурухана» МКК:
Ақаулық акт жасап, жобалық-сметалық құжат
даярлау, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажет
қаржы бөліну үшін белгіленген тәртіппен сұраныс
жасау.
|
2010
жылғы 01 қарашаға дейін
|
|
| 9. |
Клиновая
Н.П.- зейнеткер, 3-42 |
10. Абай
көшесін көріктендіру туралы
11. Элеватордан сүзгіден өткізу станциясына дейігі
жолға жөндеу жүргізу туралы
|
Ә.Ә.
Салқымбаевқа, «ТКШ, ЖК Және АЖ бөлімі» ММ:
10. Көшені
көріктендіру жобасына сәйкес Абай көшесіне жөндеу
жұмыстарын жүргізу және көріктендіру.
11.Облыстық энергетика және коммуналдық
шаруашылық басқармасына, облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік сұраныс жасау.
|
2010 жылғы 01
қыркүйекке дейін
2010 жылгы 01 карашага дейін |
|
| 10. |
8-
шағынауданының тұрғыны, зейнеткер |
12. 8
және 10 шағынаудандарына баратын автокөлік жолына
жөндеу жүргізу туралы
13.8
шағынауданында мектеп салу туралы
|
Ә.Ә.
Салқымбаевқа, «ТКШ, ЖК Және АЖ бөлімі» ММ:
12.Қарастырып,
ұсыныс енгізу.
І.С.Сүгіровке,
«Білім бөлімі» ММ:
13. 8 және 10 шағынаудандарының оқушыларын
мектепке тасымалдауды ұйымдастыру.
|
2010
жылғы 01 наурызға дейін
2010
жылғы 01 наурызға дейін
|
|
| 11 |
Карипов Р.Қапшағай
қаласы, 18 шағынауданының тұрғыны,
|
14. 18
шағынауданындағы Мұқанов және Жетісу
көшелері бойымен канализация желісін жүргізу туралы |
Ә.Ә.
Салқымбаевқа, «Құрылыс бөлімі» ММ, «ТКШ, ЖК
және АЖ бөлімі» ММ:
14. 18
шағынауданында канализация желісін салуға қатысты
жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуді
аяқтап, облыстық құрылыс, энергетика және
коммуналдық шаруашылық басқармасына, облыстық
экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік
сұраныс жасау.
|
2010 жыл, 1
жартыжылдық
|
|
| 12. |
Рудяк Л.М.,
-жағалаудағы демалыс базасының иегері |
15.Қапшағай қаласына су полициясы қызметкерінің
штаттық бірлігін бөлуге ықпал ету жөнінде |
І.С.Сүгіровке,
ҚІІБ:
Қажетті
есепті құжаттар әзірлеп, оны тиісті жоғарғы
органдарға жолдау.
|
2010
жылғы 01 маусымға дейін
|
|
| 13. |
№1
қазақ орта мектебі директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары - Жақсымбетова Г.О. |
16.Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторларына
қосымша штаттық бірліктер бөлу қажеттігі
жөнінде |
І.С.Сүгіровке,
«Білім бөлімі» ММ:
Қажетті есепті құжаттар әзірлеп, оны тиісті
жоғарғы органдарға жолдау.
|
2010 жыл 1 тоқсан
|
|
| 14. |
Плисова Н.Е.,
1-8-26
|
17.Әлеуметтік
тұрғыда қорғалатын санаттар үшін қосымша
тұрғын жай құрылысын жүргізу қажеттігі
туралы |
І.С.Сүгіровке,
«Құрылыс бөлімі» ММ, «Бірыңғай тапсырыс беру»
МКК:
Қаладағы коммуналдық тұрғын жайға
қатысты тұтыну деңгейіне талдау жүргізіп,
тұрғын жай салу үшін қосымша қаржы бөлу
жөнінде облыстық құрылыс басқармасына хат
жолдау.
|
2010 жыл 1 тоқсан
|
Қала
әкімі аппаратының жетекшісі С. Шеңкебаев
|
|
|